2007-жылғы бюджеттің тапшылығын 126 млрд теңгеге, Жалпы ішкі өнімнің 2,2% дейін арттыру жоспарланған - экономика министрлігі (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылғы бюджеттің тапшылығын 126 млрд теңгеге, Жалпы ішкі өнімнің 2,2% дейін  арттыру жоспарланған - экономика министрлігі (толықтырылған нұсқа)

2007-жылғы бюджеттің тапшылығын 126 млрд теңгеге, Жалпы ішкі өнімнің 2,2% дейін арттыру жоспарланған - экономика министрлігі (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 15-мамыр. Kazakhstan Today. 2007-жылғы республикалық бюджеттің тапшылығын 126 млрд теңгеге арттыру жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 15 Мамыр 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

«2006-жылдың қорытындысы бойынша қалған ақша қалдықтарын тарту үшін 2007-жылғы бюджеттің тапшылығын 126 млрд теңгеге арттырылады және ол 271,2 млрд теңгені (Жалпы ішкі өнімнің 2,2%) құрайтын болады»,- деді вице-министр.

М.Құсайыновтың мәліметтерінше, бюджет түсімдерінің болжамы 76,5 млрд теңгеге ұлғайтыла нақтыланып, 2 088,1 млрд теңгені, немесе жалпы ішкі өнімнің 16,8% құрайды. «Бюджет шығындары 2 359,2 млрд теңге ( Жалпы ішкі өнімнің 18% құрайды) болмақ», -деді М.Құсайынов.

Вице-министрдің айтуынша, 2007-жылғы республикалық бюджетте қосымша 202,6 млрд теңгенің шығындары қарастырылған. Қосымша шығындар мемлекет басшысының «Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты. Атап айтсақ, озық жобаларды жүзеге асыру міндеттеріне сәйкес, Қазақстан-Қытай инвестициялық қорын құруға, шекаралық ынтымақтастық жөніндегі «Қорғас» халықаралық орталығын дамытуға, ауылшаруашылығын институт ретінде дамытуға қаржы қарастырылған. Сонымен бірге өз жолдауында президент 100 мектеп пен 100 аурухана салуды тапсырды. «Аймақтық экономикалық өсім аймақтарын қалыптастыру міндеттері аясында» Астана, Алматы және Атырау қалаларында инфрақұрылымдық нысандар салу қаржысы межеленген. «Ағымдағы жылы қарауды қажет ететін шараларға, атап айтсақ, Азия ойындарын өткізуге дайындық; «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңды жүзеге асыруға; «Ойын бизнесі туралы» заңның қабылдануына байланысты жергілікті бюджеттерге түспей қалған қаржыны өтеуге қосымша қаржы қарастыру жоспарланды»,- деді вице-министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті