«Машина жасау, тау-кен-металлургия, мұнайхимиялық өндірістерді дамыту, көлік-логистикалық қызметтерді дамыту, байланыс, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру және инфрақұрылымдық жобаларды ұсынған барлық 13 компания қолдауға ие болды»,- деді А.Мусин бүгін үкіметтің отырысында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, бірнеше компания жалпы құны 7 млрд долларды құрайтын алты жоба ұсынған. Вице-премьер салалық мемлекеттік мекемелерге ұсыныс иелерімен бірлесе отырып осы жобаларды жүзеге асыру жайын дәйектеуді тапсырды. Оның пікірінше, жобаны жүзеге асырудың бір жолы — консорциум құру болмақ. «Ол мүмкін болмаған жағдайда жобаны жүзеге асырушыны байқау негізінде анықтау қажет»,- деді А.Мусин.
«Аталған макроэкономикалық жобаларды қазір жобасы жасалып жатқан «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» атты мемлекеттік бағдарламаға енгізу жөнінде нұсқау берілмек»,- деді вице-премьер.
Ол сонымен бірге мемлекеттік комиссияның отырысында үкімет пен жетекші кәсіпкерлер арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жобасы қаралғанын еске салды.
Меморандум жобасына сәйкес бизнес қоғамдастық рұқсатнама және қаржы жүйесін; баға саясатын; мемлекеттік активтерді басқару; жер қатынастарын жетілдіру шараларының жобасын жасауға; кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты тереңдетуге бағытталған шаралардың жобасын жасауға қатысты ұсыныстар енгізеді.
Өз кезегінде бизнес қоғамдастық пен топжарғыш макрожобаларды жүзеге асырушы кәсіпкерлік құрылымдардың жетекшілері бірқатар міндеттемелерді жүктеп алуға келісті. Атап айтсақ, мемлекет басшысының Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің санатына қосу жөнінде алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін топжарғыш макрожобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысуға; Қазақстанның аймақтық экономикада сапалық жоғары деңгейде алға шығуы мен еліміздің ғаламдық экономикаға толық құқылы атсалысуын қамтамасыз ететін инвестицялық ұсыныстар жасауға келісті. Сонымен бірге кәсіпкерлер әрбір топжарғыш макрожоба бойынша инвестиция салуда заманауи озық технологияларды пайдалануды қамтамасыз етуге; жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру мен дайындауға, әлеуметтік сипаттағы мақсат-міндеттерді жүзеге асыруға белсене атсалысуға міндеттеме алды.
Әрбір топжарғыш макрожоба бойынша уәкілетті мекеме мен осы жобаларды жүзеге асырушы жетекші кәсіпкерлер арасында келісім-шартына қол қою көзделген және онда макрожобаларды жүзеге асыруға қатысты міндеттемелер мен мемлекеттік қолдауға бағытталған нақты шаралар қарастырылады.
Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов меморандум жобасын аптаның аяғына дейін бітіруге тапсырма берді.
А.Мусиннің айтуынша, соған сәйкес мемлекеттік мекемелер меморандум жобасын жасауға белсене атсалысуға; топжарғыш макрожобаларды жүзеге асыру мен қаржыландыруға инвестиция салатын барлық субьктілердің өзара ықпаладстығын, соның ішінде халықтың активтерін тартуға; топжарғыш макрожобалардың жүзеге асырылуына жүйелі негізде тиімді мониторинг жүргізуге белсене атсалысыуға тиіс.
Топжарғыш жобалардың тізіміне енгізу жөнінде өтініш бергендердің арасында «ТұранӘлемБанкі», «Қазкоммерцбанк», Халық банкі, «ЦентрКредитБанкі», Эксимбанк, АТФ және ЦеснаБанк секілді банктер, «МаңғыстауМұнайГаз», «ЭйБиИ», «Энерджи Менеджмент», «Қазақмыс», «Ерсай Каспиан Контрактор», «Астана Групп» компаниялары мен Қазақстан кәсіпкерлерінің Форумы бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті