"Әділет" және "Ақ жол" демократиялық партиялары сайлау алындағы блокқа бірікті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әділет" және "Ақ жол" демократиялық партиялары сайлау алындағы блокқа бірікті

"Әділет" және "Ақ жол" демократиялық партиялары сайлау алындағы блокқа бірікті

АСТАНА. 15-мамыр.Kazakhstan Today. "Әділет" және "Ақ жол" демократиялық партиялары мәслихат депутаттарының сайлауы барысында "Ақ жол" атты сайлау алындағы блокқа бірікті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында партиялардың жетекшілері Мақсұт Нәрікбаев пен Әлихан Бәйменов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Мамыр 2007
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Демократия мен әділеттілікті ту еткен «Ақ жол» сайлау алындағы блогының басты мақсаты — конструктивті, ілгерішіл және жаңашыл демократиялық күштерді біріктіру, сондай-ақ, блоктан алдағы мәслихат сайлауына ұсынылатын үміткерлердің жеңісін қамтамасыз етуге бағытталған ортақ күшті үйлестіру болып табылады»,- делінген екі партияның мәлімдемесінде.

«Әділет» партиясымен біздің интеграциямыз жаңа деңгейге көтерілді. Біз бұл орайда біріккен мақсат-ниеттерімізді жүзеге асыру бағытында бұдан басқа да қадамдарға баруымыз мүмкіндігін жоққа шығармаймыз»,- деді Ә.Бәйменов. «Ақ жол» жетекшісі осы орайда «екі партияның алдағы парламент сайлауында бірігу мүмкіндігін де жоққа шығармады».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті