ҚХР төрағасының пайымдауынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үлкен қарқынмен дамып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР төрағасының пайымдауынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үлкен қарқынмен дамып келеді

ҚХР төрағасының пайымдауынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үлкен қарқынмен дамып келеді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. "Қытай мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бастап екі ел арасындағы тату төршілік, достық пен ынтымақтастық зор қарқынмен дамып келеді". ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао мұндай пікірді кеше Қазақстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келген сәтте Астана әуежайында білдірді. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі ҚР СІМ-нің хабарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 18 Тамыз 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Менің бұл жолғы сапарым Қытай мен Қазақстан арасындағы достықты нығайтуға, екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған», — деді Ху Цзиньтао. Оның айтуынша, сапар барысында екі жақты қарым-қатынастардың даму қорытындысы шығарылып, оны одан әрі дамытудың бағыт-бағдарлары белгіленеді.

«Халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылады деп күтілуде. Бұл саяси ықпалдастықты үздіксіз нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту, түрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың елеулі нәтижелері, сондай-ақ, екі ел халқына нақты жемісін берген аймақтық және халықаралық істердегі етене жақын ықпалдастық мәселелері», — деді ҚХР төрағасы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша біріккен коммюнике қабылдайды. Сапар аясында бұған қоса экономикалық сипаттағы екі жақты құжаттар топтамасына қол қою межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті