Сондай-ақ, алдағы отырыста «Мемлекеттік тіл туралы» жаңа заң жобасын әзірлеу, Тілдер жөнінде агенттік құрудың қажеттігі жайлы талқыланбақшы.
Отырыста «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы және тілдерді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру мәселелері туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың баяндамасы тыңдалды.
Министрдің айтуынша, аталған жобаның мақсаты — мемлекеттік тілді дамытумен қатар, орыс және ағылшын тілдерін өскелең ұрпақтың игеруі үшін қажетті жағдайларды жасау.
Сондай-ақ, Е. Ертісбаев «қазақ тілін дамыту үшін үкімет нақты, жоспарлы, кешенді шараларды қабылдауда», деді.
Екінші мәселе — тілдерді дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру туралы — баяндай келе, министр «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру үшін» 2007 жылы республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге бөлінгенін» жеткізді.
Комиссия отырысын қорытындылай келе, премьер-министр енгізілген құжат жобасын жан-жақты талқылау қажеттігін атап өтіп, оны әртүрлі аудиторияда талқылауға енгізуді ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті