«Сіздің елдегі сайлау жоғары деңгейде, сайлаушылардың белсенділігімен өтіп, жаңа мәжіліс Мемлекеттік думамен ынтымақтаса жұмыс істейді деп сенеміз», — деді В. Чуров.
Бұған қоса В. Чуров өзінің қазақстандық әріптесіне ағымдағы жылдың желтоқсан айында өтетін Мемлекеттік дума сайлауына дайындық барысы туралы хабардар етті.
Өз кезегінде Қ.Тұрғанқұлов Қазақстанда сайлаудың ашық өткізілуі үшін қолдан келгеннің бәрі жасалғанын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті