Сағат 10 -дағы жағдаймен Қазақстанда сайлаушылардың 12,4% дауыс берді (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағат 10 -дағы жағдаймен Қазақстанда сайлаушылардың  12,4% дауыс берді (толықтырылған нұсқа)

Сағат 10 -дағы жағдаймен Қазақстанда сайлаушылардың 12,4% дауыс берді (толықтырылған нұсқа)

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. Сағат 10 -дағы жағдаймен Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен ҚР мәслихаттары депутаттарының сайлауында сайлаушылардың 12,4% дауыс берді, деп хабарлады брифингте ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

  • 18 Тамыз 2007
  • 553
Фото - Caravan.kz

«Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылар саны 1 млн 94 мың 255 адамды, немесе 12,5% құрады», — деді В. Фоос.

Сайлаушылар ең жоғары белсенділік танытқан — Қызылорда облысы, онда сайлаушылардың 26,1% дауыс берді, ал ең сылбырлық танытқан Алматыда 0,9% дауыс берді, деді ол.

Ақмола облысындағы 10 сағаттағы жағдаймен сайлауға 64 133 адам, немесе сайлаушылардың 13,2%, Ақтөбе облысында — 12 837, немесе 3,2%, Алматы облысында — 155 631, немесе 18,2%, Атырау облысында — 9713, немесе 3,7%, Шығыс Қазақстан облысында — 166 065, немесе 18,7%, Жамбыл облысында — 53 320, немесе 10,9%, Батыс Қазақстан облысында — 7632, немесе 2%, Қарағанды облысында — 96 946,немесе 12,4%, Қостанай облысында — 89 202, немесе 15,6%, Қызылорда облысында — 99 440, немесе 26,1%, Маңғыстау облысында — 6372, немесе 2,7%, Павлодар облысында — 53 439, немесе 11,5%, Солтүстік Қазақстан облысында — 61 090, немесе 14,7%, Оңтүстік Қазақстан облысында — 186 303, немесе 16,8%, Астанада — 24 406, немесе 9,6%, Алматыды — 7726 адам, немесе 0,9% қатысты.

Қазақстан халқының саны 15 млн 485 мың 800 адамды құрайды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, олардың арасынан дауыс беруге қатысу құқығына 8 млн 832 мың 382 адам ие.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті