Қарағанды облысында 11 сағаттағы жағдаймен сайлаушылардың 12 пайызы дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында 11 сағаттағы  жағдаймен сайлаушылардың 12 пайызы дауыс берді

Қарағанды облысында 11 сағаттағы жағдаймен сайлаушылардың 12 пайызы дауыс берді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. ҚАРАҒАНДЫ. Қарағанды облысында 11 сағаттағы жағдаймен 97 мың сайлаушы дауыс берді, бұл 12 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі облыстық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып.

  • 18 Тамыз 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz

Облыстық сайлау комиссиясының ақпараттарына сүйенсек, Ұлытау ауданында ең көп дауыс берген (42 пайыз), екінші орында — Ақтоған ауданы, онда сайлау учаскесіне сайлаушылардың 32 пайызы келген. Қарағандыда 16 мың адам дауыс беріп, 6 пайызды, Теміртауда — 10 пайызды, Саранда — 13 пайызды және Шахтискіде — 12 пайызды құрап отыр. Қарағандыда № 54 сайлау учаскесінде облыс әкімі Нұрлан Нығматулин дауыс берді. «Мен еліміздің болашағы үшін, жаңа Қазақстан үшін дауыс бердім, Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеткендей, дәл осы әрбір отбасының ахуалы жақсаруына және мұқтаждық көрмеуіне алып келеді»,- деп атап өтті ол дауыс беруден кейін.

Бірақ, бақылаушылардың мәліметтеріне сүйенсек, азаматтардың сайлаушылар тізімінде болмауы, немесе керісінше қайтыс болған адамдардың тізімде болуы сияқты бірқатар заң бұзушылықтар болған. Осыған қарамастан, Қарағанды облысындағы ресейлік бақылаушылар өкілдерінің жетекшісі Олег Сосковец сайлаудың өте жоғары деңгейде өтіп жатқандығын атап өтті. «Халықаралық бақылаушыларна да, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің бақылаушыларына да дауыс беру процессін толық бақылауға алуға мүмкіндік берілген»,- деп хабарлады ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті