Қазақстандағы үгіт-насихат науқаны айтарлықтай заң бұзушылықтарсыз өтті - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы үгіт-насихат науқаны айтарлықтай заң бұзушылықтарсыз өтті - ІІМ

Қазақстандағы үгіт-насихат науқаны айтарлықтай заң бұзушылықтарсыз өтті - ІІМ

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. Қазақстандағы сайлау алды үгіт-насихат науқаны қолданыстағы заң аясында және де қоғамдық тәртіп бұзу дерегінсіз өтті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясындағы брифингте ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Тамыз 2007
  • 470
Фото - Caravan.kz

«Қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілген жоқ»,- деді А. Шпекбаев. «Сайлау алды насихат жұмыстары түзу, тыныш жағдайда және қолданыстағы заңнама аясында өтті. Сайлау заңын айтарлықтай бұзу деректері тіркелген жоқ»,- деп қосты ол.

Сонымен қатар, А. Шпекбаевтың хабарлауынша, ішкі істер органдарында «насихат материалдарының бүлінуі, олардың меншік иесінің рұқсатынсыз белгіленбеген жерге жапсырылуы, сонымен қатар дауыс берудің нәтижесіне әсер етпейтін анонимдік материалдарды таратуға қатысты 72 оқиға» тіркелген. Ол сондай-ақ, өкілетті органдар сайлау алды нәсихаттаудың тәртібін бұзғандарға «оларға жол бермеуге қатысты заңды түсіндірумен және де ескерту шараларымен шектелгендігін» атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті