Өскеменде әкімшілікке мина қойылды деген жалған ақпарат берген оқушы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде әкімшілікке мина қойылды  деген жалған ақпарат берген оқушы ұсталды

Өскеменде әкімшілікке мина қойылды деген жалған ақпарат берген оқушы ұсталды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. АСТАНА. Өскеменде әкімшілікте жарылғыш зат орнатылды деген жалған ақпарат берген оқушы ұсталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2007
  • 435
Фото - Caravan.kz

«18-тамызда 14 сағат 28 минутта Өскеменде облыс әкімінің қабылдау бөліміне бір жасөспірім әкімшілікке жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлаған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш жерге Ішкі істер департаменті мен Ішкі істер басқармасының жедел тьергеу тобы, төтенше жағдайлар министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері келіп жеткен.

«Іздестіру жұмыстары 1 сағат 40 минутқа созылған. Жарылғыш зат табылған жоқ»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Олар, сондай-ақ, Ішкі істер департаментінің криминалдық полициясының қызметкерлері қала мектептерінің бірінде оқитын 8 сынып оқушысы, 14 жасар жасөспірімді ұстаған.