Қазақстанның президенті отаншылдыққа тәрбиелеу бағдарламасы аясындағы жұмысты пермендендіруге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның президенті отаншылдыққа тәрбиелеу бағдарламасы аясындағы жұмысты пермендендіруге шақырды

Қазақстанның президенті отаншылдыққа тәрбиелеу бағдарламасы аясындағы жұмысты пермендендіруге шақырды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. АСТАНА. Отаншылдыққа тәрбиелеу бағдарламасы аясындағы жұмысты пермендендіру қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының 13-ші сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 626
Фото - Caravan.kz

«Ассамблея міндеттерінің бірі — елде тұрып жатқан барлық ұлыстың қазақстандық отаншылдығын нығайту. Осыған байланысты республика азаматтарын отаншылдыққа тәрбиелеудің 2006 -2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауды пермендендіру қажет»,- деп мәлім етті Н. Назарбаев.

Сонымен қатар президент, «өсіп келе жатқан ұрпаққа аса назар аудару қажет», деп атап көрсетті.

«Көп ұлтты жастарды өздерін Қазақстанның тарихымен, аға буынның маңызды өмірлік құндылықтарымен сабақтастыруға баулу керек. Жастарға нақты өмірлік бағыт беріп, күмән тудыратын идеялардың әсерінен қорғау қажет»,- деп санайды Н.Назарбаев.

Президенттің пайымдауынша, «білім беру, тәрбиелеу, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары, ұлттық мәдени бірлестіктер жүйесінің ортақ күші» осы мақсаттарға жетуге бағытталу қажет.

«Тиісті министрліктер мен мекемелер осы міндеттердің нақты жүзеге асырылуын дәйектеуге тиіс»,- деп қорытындылады Елбасы.