«Адамдарды қазақ тілін білмеуге байланысты құқығын шектеуге тырысуға жол берілмейді»,- деп атап көрсетті бүгін Қазақстан халқы ассамблеясының 13-ші сессиясында сөз сөйлеген Н.Назарбаев.
«Еліміздің Конституциясында, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады делінген. Және де ол бұл функциясын одан әрі де атқара береді»,- деп атап көрсетті ол.
Н. Назарбаев қазақ тілін үйрену туралы айта келе, бұл жұмыстың «көп деңгейлі, жүйелі және іс жүзінде бала бақшадан басталуға» тиіс екендігін атап өтті. «Қазақ тілін үйрену науқаншылдыққа ұласпауға тиіс»,- деп қорытындылады ол.