«Біз дамуы мен гүлденуі үшін басты ұлттық басымдықтар — бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімнің төңірегінде топтасуымыз керек. Оларсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес»,- деп мәлім етті президент. «Біз одан әрі де біртұтас, бәсекелестікке қабілетті әрі болашаққа бағдар алған ұлт ретінде алға жылжуға тиіспіз»,- деді мемлекет басшысы.
«Бұл үшін әрбір қазақстандық өзінің жауапкершілігін сезінуге тиіс»,- деп атап көрсетті ол. Н. Назарбаев «қазақстандықтар бүгінде тұрақтылықтың арқасында өздерінің болашағына сенімді жұмыс істеуде»,- деп атап өтті.