Тараз әуежайында ірі көлемде зергерлік бұйымдар алып өтуге әрекет жасаған екі өзбекстандық әйел қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз әуежайында ірі көлемде зергерлік бұйымдар алып өтуге әрекет жасаған екі өзбекстандық әйел қолға түсті

Тараз әуежайында ірі көлемде зергерлік бұйымдар алып өтуге әрекет жасаған екі өзбекстандық әйел қолға түсті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 тамыз. АСТАНА. Тараз әуежайында ірі көлемде зергерлік бұйымдар алып өтуге әрекет жасаған екі өзбекстандық әйел қолға түсті. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитенінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2007
  • 445
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаментінің «Әуежай-Тараз» кеден бекетінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері Сабиха мен Тараз арасында қатынайтын ТУ-154 ұшағымен келе жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматын ұстады.

«Ұсталған әйелдердің жүгін тексеру барысында олардың киім-кешектерінің арасынан, сөмкелердің қалтасынан, күнбағыс тұқымының орамасынан, пішен салынған дорбалардан, чемоданның сабынан, тіс борының құтысынан және кәмпиттердің ішінен сары түсті металдан жасалған, салмағы 1 кг 328 г болатын әшекейлік зергерлік бұйымдар табылып тәркіленді», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. Кеденшілердің түсініктемесіне сәйкес, детектордың көмегімен бағалы металл бұйымдардың 585-ші сынамалы алтын заттар екені анықталды.