Ресми өкілдің хабарлауынша, сапар аясында ол еліміздің премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесіп, сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, қаржы-банкі, инвестиция, құрылыс және су-энергетика салалары бойынша келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, кездесулер барысында 27 тамызда Астанада өтетін қазақ-тәжік экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысы мен алдағы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәжікстанға ресми сапарының дайындығы талқыланады.
А.Акиловтың сапар бағдарламасына сәйкес, 23-26 тамыз аралығында Астанада ашылатын Тәжікстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесіне қатысуы да қарастырылған. Бұған қоса, тәжік премьер-министрінің сапары қарсаңында, тамыздың 23-і күні Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері ашылады, деді Е.Ашықбаев.