Шетелдердегің сайлау учаскелерінде дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 64,7 пайызы дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шетелдердегің сайлау учаскелерінде дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 64,7 пайызы дауыс берді

Шетелдердегің сайлау учаскелерінде дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың 64,7 пайызы дауыс берді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 - тамыз. Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктері жанындағы сайлау учаскелеріне келген сайлаушылардың саны тіркелген азаматтарының жалпы санының 64,7 пайызын құраған. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаев Астанада өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатында мәлім етті.

  • 20 Тамыз 2007
  • 461
Фото - Caravan.kz



Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстан Республикасынің шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан 35 сайлау (былтыр-34) учаскесі ұйымдастырылған.

«Осы сайлау учаскелерінде барлығы 4771 сайлаушы тіркелген, сайлауда олардың 3090-ы немесе 64,7 пайызы дауыс берген»,- деп хабарлады Е. Ашықбаев.

Нәтижесінде шетелдегі сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың берген дауысы мынадай болды: Жалпыұлттық социал -демократиялық партиясына — 6,9 пайыз, «Нұр Отан» ХДП-на 78,9 пайыз, Қазақстан патриоттары партиясына — 2,6 пайыз, «Ауыл» социал-демократиялық партиясына — 2,4 пайыз, «Ақ жол» демократиялық партиясына — 6,2 пайыз, «Руханият» партиясына -0,8 пайыз, Қазақстанның комунистік халық партиясына -1,9 пайыз дауыс берілді.