"АСТАНА" велоклубының құрамы өзгереді - ҚР велоспорты Федерациясының вице-президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"АСТАНА" велоклубының құрамы өзгереді - ҚР велоспорты Федерациясының вице-президенті

"АСТАНА" велоклубының құрамы өзгереді - ҚР велоспорты Федерациясының вице-президенті

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН".23 - тамыз. АСТАНА. "АСТАНА" велоклубының құрамы, сонымен қатар команданың басшылық құрамы өзгереді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының велоспорты Федерациясының вице-президенті Николай Проскурин мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Тамыз 2007
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Сейсенбіде біз Астанада жиналып, біздің құраманың болашағын, оның құрамын, оған қандай сайыскерлер қатысатындығын шешеміз»,- деп хабарлады Н. Проскурин. Ол «құраманың өзінде де, басшылықта да өзгерістер болуы мүмкін, өйткені, құрама менеджерлері аталған сан қырлы мәселелермен айналысу қажеттігі туған сәтте олар керісінше шеттеп қалды»,- деді. «Оның себебі бізге түсініксіз»,- деп қосты ол.

Федерацияның вице-президентінің айтуынша, «құрама бұрынғыдай жұмыс істей береді, оны ешкім де жапқалы жатқан жоқ», деп нақталып өтті. «Бізде жарыс жоспары, кестесі, қандай сайыскердің қандай жарысқа қатысатындығы туралы жоспар бар және оны біз құпиялап отырған жоқпыз»,- деп түсіндірді ол.