ҚР велоспорты федерациясы допинг қолдануға қатысты дау-дамайға нүкте қою ерте деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР велоспорты федерациясы допинг қолдануға қатысты дау-дамайға нүкте қою ерте деп санайды

ҚР велоспорты федерациясы допинг қолдануға қатысты дау-дамайға нүкте қою ерте деп санайды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 23 тамыз. АЛМАТЫ. ҚР велоспорты федерациясы Александр Винокуров пен Андрей Кашечкинге қатысты допинг қолдану жөніндегі дау-дамайға нүкте қою ерте деп санайды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының велоспорты Федерациясының вице-президенті Николай Проскурин мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Тамыз 2007
  • 607
Фото - Caravan.kz



Оның хабарлауынша, велоспорты федерациясы бес адамнан құралған арнайы комиссия құрған. Комиссияның бір мүшесі — ҚР Олимпиада комитетінің спорттық бөлімінің жетекшісі В. Кухарскийдің айтуынша, «ресми медициналық сұраулар салып, барлық процедуралар бойынша ресми дәлелдер базасымен қоса медициналық жауаптарды толық алу қажет».

«Комиссия қазір осы жұмыстармен айналысып жатыр, зертханалардан, спортшылардан және барлық мүдделі адамдардан барлық ресми әрі жазбаша жауаптар алынғаннан кейін комиссия оларды қарап шығып, өз тұжырымдарын федерация президентіне таныстырады», — деді ол. Оның айтуынша, «федерацияның атқару комитеті мәселені осыдан кейін қарап, түпкілікті шешім шығаруға тиіс, ал ол халықаралық антидопингтік федерацияның ережелеріне сай келуге тиіс, ал Қазақстан оларды орындауға міндетті».

Бұған қоса Н. Проскуриннің хабарлауынша, қазір А. Винокуров пен А. Кашечкин дәлелдерді жинаумен шұғылдануда. «Винокуров өзіне АҚШ-тан адвокат пен екі гематолог маман жалдады», — деді ол. «АҚШ мамандары тест нәтижелері бойынша үлкен күдіктері бар екенін айтып, оны қорғауға дайын екендіктерін мәлімдеді, өйткені олар тестті шынайы деп санамайды және ол абсолютті критерий бола алмайды деген пікірде», — деді федерацияның вице-президенті.

Оның айтуынша, «7 тамызда «А» санатындағы тест нәтижесі жария етілгеннен кейін Кашечкин басқа адамның атымен Ницце қаласындағы мемлекеттік зертханада тест тапсырған, оның нәтижесі допингтің жоқ екенін айғақтады». «Бұдан кейін ол бірден екінші тест тапсырды. Бұл зертхана 14 тамызда допинг жоқ деген қорытынды берді, қазір ол біздің қолымызда», — деді ол.

Н. Проскуриннің атап көрсетуінше, антидопингтік ережелерге сәйкес, «А» санатындағы тест тапсырылғаннан кейін спортшы «В» санатындағы тексеру тестісін дүниежүзінде мойындалған 32 зертхананың қайсысына тапсыратындығын өз бетімен шеше алады. Алайда, федерация вице-президентінің айтуынша, қазір А. Кашечкинге өзі таңдаған зертханада тест тапсыруға мүмкіндік бермей отыр. «Сонымен бірге белгісіз себептермен және себебін түсіндірместен «В» санатындағы тест тапсыру мерзімі 22 тамыздан 28 тамызға кейінге шегерілген», — деді ол.