«Менің сапарымның басты мақсаты — Қазақстан президентінің алдағы Сирия сапарына дайындыққа саяды», -деді Уалид аль-Муаллим. «Атап айтсақ, қазақстандық министрмен келіссөздер барысында біз екі жақты қарым-қатынастың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру қажеттігін атап өтіп, сауда- экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі келісімдердің жобасын дайындау жайын талқыладық», — деді ол.
ҚР СІМ-нің мәліметінше, Қазақстан мен Сирия арасындағы тауар айналымы 2006 жылы 16,8 млн долларды, соның ішінде экспорт — $16 млн, импорт — $800 мың құрады. 2007 жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымы 15,5 млн долларды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті