Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

ШЫМКЕНТ. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Әкімнің орынбасарылығына бұрын Батыс Қазақстан облысының әкімшілігінде осы тектес қызмет атқарған Елдана Сәдуақасова тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

  • 17 Қыркүйек 2007
  • 443
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 38 жасар Елдана Сәдуақасова экономика және бюджет мәселелеріне жетекшілік етеді. Бұрын бұл саланы бір апта бұрын басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылған Асылжан Мамытбеков басқарған болатын.

Алдын ала берілген ақпараттар бойынша, бұрынғы орынбасар премьер-министрдің кеңсесіне ауысуы мүмкін. Асылжан Мамытбеков Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығына бір жыл бұрын, бұрынғы әкім, қазіргі вице-премьер Өмірзақ Шүкеевпен бірге келген болатын.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Елдана Сәдуақасова 1992 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу МУ бітірген, ал 1996 жылы Біріккен Вена институтының ауыспалы экономика жөніндегі кеңейтілген курсын тәмәмдаған.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын облыс әкімі Нұрғали Әшімов мамандарды ауыстыру туралы бастама көтермейтіндігін атап көрсеткен болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті