«Депутаттар Щучинск- Бурабай дауажай аймағы бойынша табиғат қорғау және жалпы экологиялық ахуал жөнінде бағдарлама жасау қажет деген пікірге келді. Депутаттар бұл жөніндегі ұсынысты үкіметтің қарауына ұсынбақшы», — деп мәлімдеді сенаттың аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Есжанов сенбі күні Щучинск- Бурабай дауажай аймағында өткен «дөңгелек үстел» барысында.
Сенаттың тағы бір депутаты Светлана Жалмағамбетованың пікірінше, «ең алдымен көлдерді тазарту керек». Оның пайымдауынша, сондай-ақ, кәріз жүйесін тартып, көмірмен жұмыс істейтін барлық қазандықтардан бас тартып, бір ғана экологиялық таза қазандық орнатып, көлдерді қорғауды күшейту үшін экологиялық полицияны күшейту қажет. » Щучинск- Бурабай дауажай аймағындағы көлдердің ластануын тоқтату үшін бұл жерде инженерлік-коммуникациялық желілерді жөндеу керек, ал қазіргі көмірмен жұмыс істейтіндердің орнына экологиялық қауіпсіз қазандықтар салуға 2,5 млрд теңге қажет», — деді депутат.
Щучинск- Бурабай дауажай аймағында 21 көл бар. Олардағы ластану деңгейі шектеулі мүмкін нормадан біршама жоғары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті