Мемлекеттік БАҚ-тардың хабарлауынша, Көпен Ахмадиев ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысы, сондай-ақ, Асқар Мырзахметовты Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. А. Мырзахметов «басқа қызметке ауысуына байланысты» аталмыш лауазымнан босатылған. Еске сала кетейік, ол үкіметтің шешімімен «Оңтүстік» ӘКК-ның басшысы болып бекітілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті