Ислам дүниесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысына қатысушыларды Швеция БАҚ-тарында жарияланған Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам дүниесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысына қатысушыларды Швеция БАҚ-тарында жарияланған Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырады

Ислам дүниесі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысына қатысушыларды Швеция БАҚ-тарында жарияланған Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырады

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ислам дүниесінің өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі хатшылығының VI отырысына қатысушыларды Швеция БАҚ-тарында жарияланған Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2007
  • 705
Фото - Caravan.kz

«Осы сессияға қатысушыларды таяуда Швеция БАҚ-тарында жарияланған қасиетті Мұхаммед пайғампарды келемеждеген материалдарды айыптауға шақырамын», — деп мәлімдеді отырыста сөз сөйлеген Сауд Арабиясының ислам істері жөніндегі министрінің кеңесшісі Маджид бен Абдель Азиз ат-Турки.

Ол «мұсылмандар арасынан әлдекімнің иудаизм мен христиан дінінің діни нышандарын келемеждеу оқиғасы бұрын-соңды болып көрген емес», деп атап көрсетті. «Ал батыс бұқаралық ақпарат құралдарында бұған мүлдем керісінше, ислам мен Мұхаммед пайғампарға шабуыл жасау мен қорлау оқиғаларына куәгер болып отырмыз», — деді ол.

М. ат-Турки «осы сессияға қатысушы басқа діндердің өкілдерін ислам жөніндегі қате мәліметтерді жоққа шығару үшін, айдап сала арандатқан сипаттағы саяси және ақпараттық науқандардың ықпалында кетпеу үшін исламмен объективті танысуға мүмкіндік табуға шақырды».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті