Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада 26 кг астам есірткі тәркіленген - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада 26 кг астам есірткі тәркіленген

Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада 26 кг астам есірткі тәркіленген

Алматы. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "Наркощит" жедел-профилактикалық шаралар жүргізілген бір аптада заңсыз айналымнан 26 кг астам есірткі тәркіленген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Іс-шара жүргізілген күндерде 32 есірткі қылмысы анықталып, 27 адам есірткі сату үстінде ұсталды, 44 адам есірткіден емдеу орталығына есепке тұрғызылды»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметіндегілер, есірткі қылмыстарына байланысты тұлғаларды анықтау және ұстау мақсатындағы жедел-іздестіру шаралары барысында Ресей Федерациясының азаматы ұсталғандығын, оның өте ірі көлемдегі есірткі сақтағаны және сатқаны үшін іздеуде жүргендігін атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті