«Біз мемлекеттік хатшымен Қазақстан президентінің Индонезияға алдағы 2008 жылы баратын сапарына дайындық мәселелерін талқыладық»,- деді Сджарил Сабаруддин. «Қазақстан президентінің бұл сапары екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетті ол.
Елші, сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік хатшысымен келіссөздер барысында саясат және экономика саласындағы екі жақты қатынастардың болашағы талқыланғандығын, атап өтті. «Бізде саяси деңгейде өте тығыз және жақсы қатынастар орнаған, біз көптеген халықаралық ұйымдарда бір-бірімізді қолдаймыз»,- деп хабарлады Сджарил Сабаруддин. «Ал экономика және инвестиция деңгейінде біздің екі жақты қатынастарымызды нығайту жөніндегі жоспарларымыз бар», деп атап өтті ол.
Атап айтқанда, «тараптар 24-қазанда Джакартада екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен іскерлік инвестициялық-сауда форумын өткізбек ниетте», деп хабарлады Сджарил Сабаруддин. Елші, форум аясында Индонезия мен Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палаталары біріккен іскерлік кеңесін құру және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою межеленген, деп атап өтті. «Біздің елдеріміздің арасындағы өзара қатынастар одан әрі дами түседі деп сенімін»,- деп қорытындылады Сджарил Сабаруддин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті