Қазақстан президенті мен Сирия сыртқы істер министрі екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мен  Сирия сыртқы істер министрі екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Қазақстан президенті мен Сирия сыртқы істер министрі екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

Астана. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сирия сыртқы істер министрі Уалид аль-Муаллим екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2007
  • 343
Фото - Caravan.kz

«Сирия барлық салалар бойынша, соның ішінде экономика, әлеуметтік қарым-қатынас, мәдени ықпалдастық пен саяси мәселелер бойынша Қазақстанмен етене жақын әріптестік байланыстар орнатудан ниетті», — деді Сирия СІМ Қазақстан президентімен кездесуден кейін өткен брифингте.

«Біз іс жүзінде осындай қарым-қатынастар орнату үшін және өзара қарым-қатынасқа берік негіз қалау үшін таяу уақыттарға межеленген Қазақстан президентінің сапарын тағатсыздана күтіп отырмыз», — деді ол.

«Біздің арамыздағы сұхбаттың конструктивті ауанда өткенін қанағаттана айта аламын. Өйткені, көптеген мәселелер бойынша Қазақстан мен Сирияның ұстанымы өте ұқсас», — деді министр. «Мен сонымен қатар Сирияның Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік дамуға жоғары баға беретіндігін әңгімелеп бердім. Және біз бауырлас Қазақстанға одан әрі сәттілік пен табыс тілейміз», — деп қорытты ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті