Оның ақпараттарына сүйенсек, шомылу маусымында барлығы 45 қайғылы оқиға болған, оның ішінде екеуі өзін өзі өлтіру. 26 адам қаза тапқан, олардың үшеуі — балалар, 2006 жылдың осы маусымында суға батқандар саны 22 адамды құраған.
Шомылу маусымының 31-тамызда аяқталғандығына қарамастан құтқарушылардың жұмысы жалғасуда. «Қазір мектеп оқушыларының арасында профилактикалық кеңес жүргізуге аса назар аударылған. Судағы ережені жиі бұзатын балықшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,- деп түсіндірді Н. Ептембаева.
Маман сондай-ақ, жуықта Семейдің судан құтқару қызметіне жаңа жабдықтарға ие болғанын, 6 су костюмі мен 3 сүңгуір аппараты келіп түскендігін хабарлады. «Сөйтсе де катерлерге, жабдықтар мен байланыс құралдарына деген зәрулік бұрынғы күйінде қалып отыр. Екі қайық 30 жылдан астам уақыт пайдаланылып келеді және оларды пайдалану мерзімі баяғыда біткен»,- деді Н. Ептембаева.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті