Қостанай облысында газ баллоны жарылды; 2 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысында газ баллоны жарылды; 2 адам зардап шекті

Қостанай облысында газ баллоны жарылды; 2 адам зардап шекті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының Құсмұрын ауылында 18 қыркүйекте бір тұрғын үйде газ баллоны жарылып, оның соңы өртке ұласты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қостанай облысының Әулиекөл ауданы, Құсмұрын ауылында 18 қыркүйекте барак үлгісіндегі алты пәтерлі үйдің бір пәтерінде 10 сағат 20 минутта газды-ауалы қоспаның жарылысы болып, ол 4 шаршы аумақты шарпыған өртке ұласты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс «тұрмыстық газды жабдықты тұтыну ережелерін бұзудан» болған.

Оқыс оқиға салдарынан түрлі дәрежеде күйікке шалдыққан 80 және 65 жастағы екі адам ауруханаға жатқызылды.

Өртті ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметі 3 адам мен 1 техниканың күшімен 10 сағат 35 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті