Өткен тәулікте елімізде екі өрт шығып, 1 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен тәулікте елімізде екі өрт шығып,  1 адам қаза тапты

Өткен тәулікте елімізде екі өрт шығып, 1 адам қаза тапты

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Өткен тәулікте елімізде екі өрт шығып, 1 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2007
  • 405
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Алматының Медеу ауданында 18 қыркүйекте 22 сағат 57 минутта бір саяжайда 80 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты. Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі сөндірді. Жалынды ауыздықтауға 10 адам мен 2 техника тартылды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндірген кезде 35 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Сонымен бірге Атырауда 18 қыркүйекте 4 сағат 47 минутта үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан қойма аумағында өрт шықты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті