2007 жылғы қыркүйектің бірінші жартысында Ұлттық банктің халықаралық резервтері азайды.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 5,9 %-ға (немесе 1255,3 млн. долл.) төмендеді.
Ішкі валюта нарығында валюта сату және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың азаюы таза валюта қорларының төмендеуіне әкеп соқты.
Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 1 278,4 млн. долларға, жүргізілген операциялар және әлемдік нарықтағы бағасының 6,5 %-ға өсуі нәтижесінде алтындағы активтер 23,1 млн. долларға артты.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағамен 6,3 %-ға, ЕАВ-дағы таза активтер 6,5 %-ға өсті, алтындағы активтер 4,6 %-ға азайды.
Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 18 408,8 млн. долл.) еліміздің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағамен) 38 393,5 млн. долл. құрап, 3,1 %-ға азайды.
Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің азаюы 2007 жылғы қыркүйектің бірінші жартысында ақша базасының 6,7 %-ға (немесе 116,6 млрд. теңгеге) тарылуына себепші болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті