Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ішкі нарық және қызмет көрсету мәселелері жөніндегі еуропалық комиссар Чарли МакКриви Еуропалық Одақтың реттеуші органдарына сұрау салып, оған жылдың аяғына дейін несиелік-рейтингтік агенттіктердің жуырда болған ипотекалық несиеге қатысты дағдарыс кезіндегі тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жұмыстары туралы есепті беріді сұрады.
«Чарли МакКриви рейтингтік агенттіктер пайдаланатын әдістеме мен іс-әрекеттер кодексін зерттемекші. Ондағы мақсат — соңғы бірнеше апта бойы дүниежүзінің қаржылық нарығындағы тұрақсыздыққа себеп болған АҚШ-тағы ипотекалық сектордағы қиындықтар туралы жай хабарлаудың себептерін анықтау болмақ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті