«Бішкектен келген шетел азаматтары ҚР «Діни сенім-наным еркіндігі және діни бірлестіктер жөніндегі» заңның 4-ші бабының талабын бұза отырып, уәкілетті орган болып табылатын Жамбыл облыстық әкімшілігінде тіркелместен, Жамбыл облысының аумағында дін таратушылықпен шұғылданған», — делінген хабарламада.
Тараз қалалық прокуратурасы Қырғызстанның үш азаматының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекстің 375-ші бабы бойынша әкімшілік іс қозғап, сотқа жолдады. «Сот аталған тұлғаларды айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартып, ел аумағынан қудаланатын болды», — делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті