Құжатқа ҚазМұнайГаз тарапынан вице-президент — АҚ президент аппаратының бастығы Ұлан Байжанов, Халықаралық бағдарламалар орталығы тарапынан — оның президеті Қадиша Даирова қол қойды.
Ұлан Байжанов түсіндіріп өткендей, аталмыш негіздемелік келісім Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыруды қарастырады. «Біз сондай-ақ шәкіртақы иегерлері үшін практика ұйымдастыру саласында, ҚазМұнайГаз үшін мамандар дайындау саласында, сондай-ақ ұлттық компаниялардың мамандарын жақын және алыс шетелдердегі ең үздік оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудағы ынтымақтастығымызды дамытуды жоспарлап отырмыз»,- деп қосты ол.
«Келісімге ҚазМұнайГаздың жоғары білікті мамандар арасынан мамандар тобын құру жөніндегі «Команданы таңдау» жобасы аясында қол қойылды. 100-ге жуық студент осы бағдарлама аясында білім алуда»,- деп нақтылап өтті ҚазМұнайГаздың өкілі. «Енді бұл міндетті (мамандарды дайындау — агенттік ескертп.) орталықпен бірлесіп шешеміз деген сенімдемін»,- деп қосты ол.
«Біз шетелдерде ертеңгі күні ұятқа қалдырмайтын жоғары білімді мамандарды, соның ішінде мұнайгаз саласы үшін мамандарды дайындауға дайынбыз»,- деді өз кезегінде Қ. Даирова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті