«Австрия OMV мұнай компаниясымен Қазақстандағы жаңа мұнай және газ кеніштерін барлау мен өндіруге атсалысудан және «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-мен бірлесе жұмыс жүргізуден мүдделі», — делінген мекеменің бүгін таратқан баспасөз баянында.
«Еуропа аймақтық энергетикалық саясатқа баса назар аударуда. Біз Баку бастамасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларға, атап айтқанда, Набукко газ құбыры жобасына қызығушылық танытып отырмыз. Бұл Еуропалық Одақтың бір басымдық берген жобасы», — деді М. Бартенштайн. «Былтыр Австрия Қазақстаннан 1,6 млн тонна мұнай импорттады», деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті