Елші, «қуат ресурстарын тасымалдау дәліздерін әртараптандыру стратегиясы аясында Еуропалық Одақ Транскаспий газ құбырының экономикалық қабілеттілігін зерделеуге қатысты арнайы зерттеулер жүргізгендігін атап өтті. — Біздің талдаудың нәтижесіне сәйкес, газды осы жүйе арқылы тасымалдау «Орта Азия — Орталық» газ құбыры арқылы тасымалдаудан арзан болмақ».
Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, С. Мыңбаев өз кезегінде, газды экспортқа шығару бағыттарын таңдауда саяси себептерден гөрі, ең алдымен, Қазақстанның экономикалық мүддесіне артықшылық берілетіндігін, атап өтті. Сондай-ақ, министр Қазақстанның сыртқы нарыққа экспортқа өнім шығару жолдарының қазіргі ахуалы мен келешегі туралы айта келе, Қазақстан энергетикалық дәліздерді әртараптандыру бағытын ұдайы ұстанып келеді, деп атап көрсетті.
Адриан ван дер Меер кездесу барысында Қашаған кенішін игеру туралы келіссөздер бойынша оқиғалардың өрбу барысына қызығушылық танытты.
«Біз Қашаған кенішін игеру жөніндегі жаңа бюджет пен жоспарды алдық, ондағы шығын екі еседен артық өскен. Мұндай шұғыл өсім мұқият талдаусыз қабылдануы мүмкін емес, және де қазіргі уақытта біз келіссөз жүргізіп жатырмыз»,- деп мәлім етті министр.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Еуропалық комиссия өкілеттілігінің басшысы қуат ресурстарын өңдеу саласындағы технологиялар трансферті жөніндегі орталық құруды ұсынды «, деп айтылған баспасөз баянында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті