Астанада Қазақстанның премьер-министрі кеше бірқатар кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Қазақстанның премьер-министрі кеше бірқатар кездесулер өткізді

Астанада Қазақстанның премьер-министрі кеше бірқатар кездесулер өткізді

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Респуликасының премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2007
  • 478
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Кәрім Мәсімов белгілі бизнесмен Мохаммед Аль-Файедпен кездесті.

Олар еліміз экономикасын жаңғыртуға және индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған Қазақстанның ірі инвестициялық жобаларын талқылады.

М. Аль-Файед тұрғын үй құрылысы, көлік-логистикалық орталық, автомобиль жолдары, медициналық орталық пен емханалар, сондай-ақ білім беру инфрақұрылымын дамыту салаларындағы Қазақстанның инвестициялық әлеуетін зерделеу үшін келгенін айтты. Бизнесмен сонымен қатар, Қазақстан экономикасының электр энергетикалық, өңдеу, өнеркәсіп секторларына инвестиция тарту мүмкіндіктерін зерттеп көрмекші.

Сондай-ақ, үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Thales International» компаниясының президенті-бас директоры Жан-Поль Перьемен кездесті.

Кездесу барысында олар Қазақстанда кәсіби электроникалық өнеркәсіптік өндіріс, ақпараттық-технологиялық және аэорғарыштық жүйені дамыту келешегін талқылады.

Жан-Поль Перье мәлім еткендей, «Thales International» компаниясы Қазақстанның спутниктік жүйесі мен ақпараттық өндірісіне инвестициялық қаражат тарту және қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді өнеркәсіптік-технологиялық әріптестікті орнату ниеті барын жеткізді.

Ал ҚР премьер-министрі мен Сингапурдың Қазақстандағы елшісі Сим Чеок Лимнің кездесуі барысында сауда-экономикалық саладағы екі жақты ынтымақтастықты белсенді жүргізу, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, олар Қазақстан мен Сингапур айтарлықтай жаһандық және өңірлік саясаттағы көкейкесті проблемалар, сондай-ақ халықаралық көптарапты құрылым аясындағы ынтымақтастық жөнінде жалпы позиция ұстанатынын қанағаттанушылықпен атады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті