«Бәйкен Әшімов мемлекетімізді басқару қызметін атқара отырып, өзін үнемі бастамашыл және жауапты адам ретінде көрсете білді. Оның Қазақстанның дамуына сіңірген үлесі шексіз»,- деп атап көрсетті президент.
Награда кеше Астанадағы опера және балет театрында өткен Бәйкен Әшімовтың 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген салтанатты кеште тапсырылды.
Мемлекет және партия қайраткері Бәйкен Әшімов 1917 жылы 10-тамызда Көкшетау облысында дүниеге келген. 1970 — 1984 жылдары ол Қазақ КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1984 — 1985 жылдары — Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқа төрағасы және КСРО Жоғарғы Кеңесінің төралқа төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. Бәйкен Әшімов — Социалистік Еңбек ері, Ленин орденімен 4 мәрте марапатталған. Көкшетау қаласының құрметті азаматы болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті