Қызылорда-Павлодар тас жолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда-Павлодар тас жолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда-Павлодар тас жолында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 17-қыркүйекте Қызылорда-Павлодар тас жолында Қарағандыдан 500 шақырымда болған жол-көлік оқиғасына қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-тармағы бойныша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында. Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің жол полициясы басқармасының тергеу бөлімінің бастығы Дулат Әбубаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2007
  • 517
Фото - Caravan.kz

Дулат Әбубаевтің айтуынша, «жүргізілген тергеу шараларына сәйкес, «Фольксваген» шағын автобусы жүргізушінің кінәсінен аударылғандығы дәлелденді, бірақ ол қайтыс болды». «Басқа лауазымды тұлғалардың — мектеп директорының, әскери жетекшінің және аудан басшылығының жауапкершілігі туралы мәселе — қылмыстық іс аясында шешілетін болады»,- деп қосты ол.

Оның айтынша, қазіргі уақытта зардап шегушілердің ахуалдары бұрынғыдай, дәрігерлер үш жасөспірімнің өмірінен қауіптеніп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні кешке Қызылорда — Павлодар тас жолының 620-шы шақырымында жүргізуші жолаушылар тасымалдайтын «Фольксваген» автобусын аударып алған болатын. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жасөспірім жолаушы жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Тағы он жолаушы, соның ішінде 16 жасар тоғыз жасөспірім түрлі жарақаттармен Жайрем ауылының, Жезқазған мен Қарағандының ауруханаларына жеткізілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті