Ғани Қасымов Қазақстан премьер-министрінен республика аумағында "Теңіз Шевройл" компаниясының жұмысына тыйым салуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғани Қасымов Қазақстан  премьер-министрінен  республика аумағында "Теңіз Шевройл" компаниясының  жұмысына тыйым салуды сұрады

Ғани Қасымов Қазақстан премьер-министрінен республика аумағында "Теңіз Шевройл" компаниясының жұмысына тыйым салуды сұрады

Астана. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаты Ғани Қасымов Қазақстан премьер-министрінен күкіртті жарату проблемасын шешкенеге дейін республика аумағында "Теңіз Шевройл" компаниясының жұмысына тыйым салуды сұрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2007
  • 518
Фото - Caravan.kz

«Өзінің іс-әрекеттерімен қоршаған ортаға және тек атыраудың ғана емес, сонымен бірге, батыс өңірінің тұрғындарына жаппай өлшеусіз зиян келтіріп оытрған компанияның жұмысына баса назар аударуды сұраймын», — деді Ғ. Қасымов сенаттың жалпы отырысында үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында.

«Егер 9 млн тонна күкірттің мәселесі шешілмесе, онда мен сізден күкірт толық пайдалы жаратылғанға дейін Қазақстан аумағында бұл компанияның іс-қызметіне тыйым салуды сұраймын», — деді ол.

Депутат үкімет басшысынан «бұл проблеманы үкіметтің қатаң бақылауына алуды сұрайды». Сондай-ақ, сенатор «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясынан осы сауалды қолдауды өтінді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті