Астана. 9-қазан. «Қазақстан Бүгін» — Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің штаттан тыс кеңесшісі Джеймс Вулфенсонмен Алматы аймақтық қаржы орталығын дамытудың болашағын талқылады, деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісі.
«Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Джеймс Вулфенсон Алматы аймақтық қаржы орталығын дамытудың болашағына қатысты мәселелері бойынша Қазақстанның елбасымен кездесті»,- деп хабарлады келіссөздер аяқталғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Респуликасының қаржы орталығының іс-қызметін реттеу жөніндегі агенттік төрағасы Аркен Арыстанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті