«Біз бюджет жобасында базалық әлеуметтік төлемдердің көлемі тікелей байланысты болып табылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін арттыруға мүмкіндік бар деп санаймыз», -деп мәлімдеді бүгін «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясының отырысы барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.
«Бұл көрсеткішті біз 10 515 теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отырмыз , жалпы алғанда ол үшін 8,7 млрд теңге қажет», — деді Б. Сұлтанов. Осы орайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейін көтеру «тиісінше базалық зейнетақы төлемдерін де өзгертуді талап ететінін » атап өтті.
Бастапқыда 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында ең төменгі күнкөріс деңгейі 8 861 теңге көлемінде межеленген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті