Оңтүстік Қазақстан облысында жай үйдегі өрт салдарынан үш бала көмірқышқыл газынан уланып мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында жай үйдегі өрт салдарынан үш  бала көмірқышқыл газынан уланып мерт болды

Оңтүстік Қазақстан облысында жай үйдегі өрт салдарынан үш бала көмірқышқыл газынан уланып мерт болды

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында жай үйдегі өрт салдарынан үш бала көмірқышқыл газынан уланып мерт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Қазан 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Амангелді ауылында 10 қазанда 12 сағат 50 минутта жай үйде 6 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты, жалын одан әрі таралған жоқ.

Соның салдарынан үш кішкентай бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды. «ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күштері оқиға орнына шақырылған жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында 10 қазанда 22 сағатта 2 қабатты тұрғын үйде 1 шаршы метр аумақты шарпыған өрт шықты. «Өртті жергілікті тұрғындар ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күштері келіп жеткенше сөндірді. Оқиға салдарынан бір адамның мәйіті табылды», — деп хабарлайды мекеме.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті