ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасының бастығы Мұрат Оспановтың хабарлауынша, «Теплокоммунэнерго» МКК тарифтерді 60,2%-ке көтеруге өтінім берген.
«Теплокоммунэнерго» МКК директоры Сергей Володьконың айтуынша, қалада 46 бу қазандығы бар, оның 11-і жылыту маусымы барысында жабылуға тиіс. «Тариф шығынды, кәсіпорында арнаулы техника жоқ, орташа жалақы 17 мың 800 теңге, мәселен, тәулігіне 15 тонна көмір мен 10 тонна күл тасуға тиіс пеш жағушы жұмысшы 16 мың теңге алады», — деді С. Володько.
М. Оспановтың хабарлауынша, тарифтерге қатысты түпкілікті шешім 25 қазанда қабылданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті