Өзбекстандық төрт азамат Астанада үй салу үшін құл есебінде пайдаланылған - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандық төрт  азамат Астанада үй салу үшін құл есебінде пайдаланылған

Өзбекстандық төрт азамат Астанада үй салу үшін құл есебінде пайдаланылған

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бір Қазақстан азаматы Өзбекстандық төрт азаматты Астанада жеке үй салу үшін құл есебінде пайдаланған, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қалалқы ІІД-іне сілтеме жасап.

  • 11 Қазан 2007
  • 400
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қалалық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына шағымдана келген Өзбекстан азаматы «Астана қаласының бір тұрғыны Өзбекстан азаматтарын жеке үйін салғызу мақсатында жал ақы төлемей пайдаланып отырғанын» жеткізген.

Оның түсіндіруінше, «оған телефон қоңырауын шалған Өзбекстан азаматтары өздерін Астанада жай үйде тұратын бір тұрғынның жеке басын куәландыратын құжаттарын тартып алып, жалақы төлемей жұмыс істетіп, күшпен қамауда ұстап отырғанын» хабарлаған.

Тексеру барысында өзбекстандық төрт азамат табылып, қамаудан босатылды.

Ұсталған Жамбыл облысының тумасы мен тексеру кезінде онымен бірге болған екі азамат басқарма қызметкерлеріне «Стражник» атты жарақаттағыш қаруды қолданып қарсылық көрсеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғанның автокөлігін тексеру барысында Өзбекстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары, 1,8 мың доллар мен 1,5 мың теңге, сондай-ақ, «ПМ» маркалы тапанша табылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті