Литва премьер-министрі Қазақстанға сапармен келеді деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Литва  премьер-министрі Қазақстанға сапармен келеді деп  күтілуде

Литва премьер-министрі Қазақстанға сапармен келеді деп күтілуде

Астана. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Литва премьер-министрі Гедиминас Киркилас Қазақстанға сапармен келеді деп күтілуде. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Литва Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ромуальдас Козыровичюстің сенімхатын қабылдау рәсімінен кейін хабарлады.

  • 11 Қазан 2007
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Премьер-министрдің Қазақстанға келмек ниетін қолдаймыз және бұл сапар екі ел арасындағы әдеттегі меймандос қарым-қатынастарды дамытуға жаңаша перспективалар мен мүмкіндіктер туғызады деп сенеміз», — деді Н.Назарбаев.

Президенттің атап көрсетуінше, «Қазақстан Литва Республикасымен арадағы байланысқа айрықша маңыз береді». «Біздің елдеріміздің арасында саяси диалог орнаған, қажетті келісім-құқықтық база құрылды, екі жақты ынтымақтастықты дамытудың басымдықтары айқындалды», — деді ол.

Өз кезегінде Р.Козыровичюс Литваның Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық аясын кеңейтуден мүдделі екендігін жеткізді. Атап айтқанда ол «экономикалық тұрғыда, сондай-ақ, энергетика және ауылшаруашылығы салаларындағы қарым-қатынастарды нығайту қажеттігін» атап өтті.

Дипломаттың нақтылауынша, «премьер-министрдің Қазақстанға сапары келесі жылдың бірінші жартысында жүзеге асырылуы мүмкін». «Меніңше, бұл сапардан кейін біздің ынтымақтастығымыз бұдан да беки түседі», — деді Р.Козыровичюс.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті