Қазақстанның Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті 2010 жылға дейін ЭКОСАИ ұйымына төрағалық жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті 2010 жылға дейін  ЭКОСАИ ұйымына төрағалық жасайды

Қазақстанның Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті 2010 жылға дейін ЭКОСАИ ұйымына төрағалық жасайды

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті 2010 жылға дейін ЭКОСАИ ұйымына төрағалық жасайды. Бұл туралы агенттікке комитетті баспасөз қызметі хабарлады.

  • 30 Қазан 2007
  • 500
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп есеп комитетінің төрағасы Омархан Өсікбаев ЭКОСАИ президенті болып сайланды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ЭКОСАИ — экономикалық ынтымақтастық ұйымының мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органдары ұйымы. Оның құрамына Қазақстан , Түркия, Иран, Пәкістан, Әзербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан елдерінің мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органдары енеді. ЭКОСАИ президенті төрт жылда бір рет сайланады.

Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады.
Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi: республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттiк заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау; Қазақстан Республикасы Президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау; республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын бақылау; республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген займдардың, мемлекет мiндеттемелерiн өтеуге республикалық бюджеттен берiлген қаражаттың, байланысқан гранттардың, мемлекет активтерiнiң нысаналы әрі тиiмдi пайдаланылуына бақылау болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті