Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ташкент — Шымкент тас жолында осы оңтүстік наркотрафиктің негізгі ұйымдастырушыларының бірі — Қазақстанның азаматы ұсталған. Оның жеңіл көлігін тексеру барысында 10 кг астам жоғары сапалы героин табылған.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Павлодардан шыға берісте Шымкент — Павлодар бағыты бойынша бет алған «КамАЗ» жүк көлігі ұсталған, оның артқан ауылшаруашылық өнімдерінің астынан 23 кг жуық героин табылып, Қазақстанның үш азаматы, Тәжікстанның екі азаматы құрықталған. Аталмын дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
«Астана — есірткісіз қала» атты аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру аясында астанада және оған іргелес жатқан облыстарда заңсыз айналымнан 149 кг есірткі заттары тәркіленген, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті