«Еңбек нарығы жұмыссыздық деңгейінің одан әрі төмендеуі мен жалақының өсуімен сипатталады. Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың осы маусымындағы 7,5 пайызға төмендеу көрсеткішімен салыстырғанда 7 пайызға төмендеді»,- деді Б. Сұлтанов.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, «республика бойынша үстіміздегі жылдың 8 айындағы орташа жалақы 50 мың теңгеден, немесе, 400 АҚШ долларын асып жығылған».
«Еңбек өнімділігінің өсуі осы кезеңде 9,2 пайызға өскенде, жалақы деңгейінің 20 пайызға өскендігін атап өту қажет, бұл бағаның өсуіне деген қысым факторларының бірі болып табылады»,- деп атап көрсетті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті