Қазақстанда заңсыз ойынханалар мен ойын залдарын әшкерелеуге қатысты іс-шаралар жүргізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда заңсыз ойынханалар мен ойын залдарын әшкерелеуге қатысты іс-шаралар жүргізілді

Қазақстанда заңсыз ойынханалар мен ойын залдарын әшкерелеуге қатысты іс-шаралар жүргізілді

Астана. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер органдарының ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімшелері әкімшіліктер мен фискалдық кеңселерді тарта отырып, республика аумағында 16 - 21-қазан аралағында заңсыз ойынханалар мен ойын автоматтарын әшкерелеуге қатысты жедел іс-шаралар жүргізілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция комитетінен хабарлады.

  • 30 Қазан 2007
  • 583
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпараттарына сүйенсек, Алматы қаласы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Мұратбаев көшесіндегі «Береке» бильярд клубындағы заңсыз кәсіпкерлік дерегін тіркеп, астыртын ойынхана іс-қызметінің жолын кескен. Ойынханадан 12 ойын автоматтары мен рулетка ойынына арналған үстел табылған. 4,5 мың АҚШ доллары мен 150 мың теңге тәркіленді.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, Өскемендегі Баженов көшесіндегі көлік жуу нысанының бір бөлмесінен 24 ойын автоматы заңсыз орнатылып, пайдаланып келген. Семейде Дулатов көшесінде орналасқан бұрынғы «Вулкан» ойын залының ғимаратының ішінде 15 ойын автоматтарының заңсыз орнатылып, пайдаланылғандығы белгілі болды.

Қарағанды қаласы ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Теміртауда, Қарағанды тас жолының бойында орналасқан «Трактир у дороги» қонақ үйінің ғимаратынан 6 заңсыз ойын автоматтарын тапқан. Оқиға болған жерен 67 мың теңге және 4 кассалық журнал тәркіленді, деп хабарлады Криминалдық полиция комитетіндегілер.

Мекеменің ақпараттарына сүйенетін болсақ, Ақсай қаласында Ыхсанов көшесінің бойындағы бұрынғы туберкулез диспансерінің ғимаратынан жасырын ойынхана табылған, онда покер ойынына арналған 3 үстел және «американдық рулетка» ойынына арналған 1 үстел болған. Ойынхана басшысымен қатар ғимаратта тағы 4 дилер, бармен, кассир және қызмет көрсететін қызметкерлер болған. Сейфтен 225 мың теңге және «Стражник» маркалы 2 тапанша табылған. Кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту үшін материалдар Бөрілі ауданының сотына жіберілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті