Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыс бөлімі бастығының орынбасары Елена Кравчуктің хабарлауынша, апат кеше Алейск — Барнаул федералдық тас жолының 99-шақырымында болған. МАЗ жеңіл көлігі мен «ГАЗель» микроавтобусы соқтығысқан. Көлік апатының салдарынан оқиға болған жерде бес адам қайтыс болды, оның біреуі — бала. Тағы бес адам жарақаттанған.
«Апат болған жерге жедел-тергеу тобы, сондай-ақ прокуратура өкілдері келіп жеткен. Нақты ахуал және апатқа кінәлі адамдар туралы нақты мәліметтер жоқ»,- деп қосты ол.
«Бізге келген ақпараттарға сүйенсек, қайтыс болғандардың барлығы Алтай өңірі мен Новосибирск облысының тұрғындары. Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, олардың арасында қазақстандықтар жоқ»,- деп нақтылады Е. Кравчук. Ол сондай-ақ, «мәліметтер әлі де өңделіп жатыр», деп қосты.
Қазір зардап шеккендер Топчихинск ауданының орталық ауруханасында жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті